Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз тұрғынның үйінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр.
Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
Айта кетейік, қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәіметінше, марқұм - 2018 жылы туған қыз. Күдікті - бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған, Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша пробациялық бақылаудағы есірткіге тәуелділер тізімінде болған 1975 жылғы ер адам екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!