Түркістан облысында қалыңдығына барған жігіт ажал құшқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Туыстарының сөзінше, Азиз Құралбаевты көрші ауылдың жігіттері сол ауылда тұратын қалыңдығына барғаны үшін ұрып-соғып, азаптаған. Ауыр соққыдан есін жоғалтқан жігіт 3 ай жансақтау бөлімінде жатып, кейін қайтыс болған.
Бұл оқиға 2024 жылы 11 қарашада болған. Телеарна мәліметінше, қалыңдығына барған жігітті ертеңіне туыстары аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен тапқан.
Марқұмның туысы Мөлдір Үсенбаеваның сөзінше, Азиз Құралбаевтың өліміне 6 адамның қатысы бар. Алайда сот алдында 4 адам жауап беріп жатыр. Ал екеуі куә ретінде танылған. Олар тергеу ісінің бұл шешіміне келіспейді.
Облыстық соттың мәліметінше, бұл іс Жетісай аудандық сотында қаралып жатыр. Сот үкімі әлі шықпаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова