Түркістан облысында жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген

Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысында жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, заңды өкілдің талаптарына бағынбаған жүргізушіні ұстады. Алматы - Ташкент - Термез тасжолының 750-шақырымында қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция инспекторлары бірінші жолдан екінші жолға шығып, жүрісі күмән тудырған ВАЗ автокөлігін байқапты. Полицейлер көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізушісі заңға бағынбай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

ІІМ

Тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдап, көлікті тоқтатып, айыптұраққа қойды. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің көлік басқару үшін куәлігі жоқ екені анықталды, сонымен қатар, оның жалған мемлекеттік нөмір таққан көлік басқарғаны белгілі болды.

Жол ережесін бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова