- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында жүк...
Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан видеолар әлеуметтік желіде тарады. Видео авторының сөзінше, үш вагон рельстен шығып кеткен. Вагондар теміржолдың байланыс сымына тиіп, салдарынан пойыздар рельстен шығып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өкілдері оқиға 8 қаңтарда сағат 19.50 шамасында Манкент бекетінде, Шымкент пен Арыс аралығында болғанын айтты.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Пойыздардың рельстен шығуы басқа пойыздарға әсер еткен жоқ. Оқиға себебін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-да арнайы құрылған комиссия анықтайды", - деді компания өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина