Түркістан облысында жол қауіпсіздігі талаптарын бұзған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода 42 жастағы жүргізуші Toyota Alphard көлігін тізгіндеп келе жатып, жолаушы алдыңғы есікті ашып, денесін көліктен сыртқа шығаруына жол бергені көрінеді.
Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік арнайы айыптұраққа қойылған.
"Жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екені түсіндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!