Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізгенде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, оны жасаған жүргізушілерді шұғыл тауып, жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция тобының назарына Алматы-Ташкент -Термез тасжолында кортеж ұйымдастырған бірнеше көлік ілікті.
Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтірген көліктер іздестірілді. Нәтижесінде, бейнежазбадағы 2 бірдей Mersedes-Bens көлігінің жүргізушілері анықталды.
Бұл екі жүргізуші Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік тізгіндеушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жас жігіттерге хаттама толтырылды.
Бұдан бөлек, бейнежазбадағы басқа да көлік жүргізушілерін тез арада тауып, жауапқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуға және жол ережесін қатаң сақтауға кеңес берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!