Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, оқиға Ордабасы ауданында болған.
"Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 маркалы көліктердің жүргізушілеріне жол апатына әкеп соғуы мүмкін қауіпті жағдай туғызғаны, жол белгілерін сақтамағаны және өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтіргені үшін шаралар қолданылды. Сондай-ақ, олардан "стробоскоп" тәркіленді. Көлікке арнайы жарық беру және (немесе) дыбыс шығару құрылғыларын заңсыз орнату, сондай-ақ, жедел және қызметтік көліктерге арналған түрлі түсті құрылғыны заңсыз қолдану бойынша әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!