Түркістан облысында жол бойындағы кафе өртенді. Оқиға орнынан құтқарушылар газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Алматы - Термез автожолы бойында орналасқан кафеде шыққан. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен.
"Оқиға орнына келген кезде құтқарушылар ғимараттың толықтай отқа оранғанын анықтады. Жұмыс барысында өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан көлемі 50 литрлік газ баллонын алып шықты. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді", - деп хабарлады ТЖМ.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Астананың орталығындағы мейрамханада болған өрт туралы хабарлаған едік. Қонаев көшесіндегі мекеме жанған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz