- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында жол...
Түркістан облысында жол апатын жасап, қашпақ болған жүргізуші ұсталды
Түркістан облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының камерасы арқылы жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, облыс орталығындағы С.Ерубаев пен Т.Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында Оpel маркалы көлік Matiz-ды соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерге тоқтамаған. Мұны камера бақылап отырған инспектор байқап қалып, қашып бара жатқан көлікті ұстау бойынша Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Берілген ақпарат негізінде, сол аймаққа жақын полицейлер 2 минут ішінде аталған автокөлікті тоқтатып үлгерді.
Батальон қызметкерлері құқық бұзушы жүргізушіден мән-жайды сұрап, құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішіп, масаң халде көлік тізгіндегенін анықтады.
Ер адамға жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан