Түркістан облысында жоғары лауазымды полицей парамен ұсталды
Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары - полиция полковнигіне қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ол полиция бөлімінде алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 миллион теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.
Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты тергеу соты санкциясымен лауазымды тұлғаға "үйқамақ" бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова