Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Онда қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған. Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері бірден жасөспірімді іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырып көрді. Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 шақырым қашықтықта орналасқан Жетісайда даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!