Түркістан облысында жер сілкінісі болды

Түркістан облысында жер сілкінісі болды
Фото: Скриншот Google Карты

Түркістан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

ҰЯО ГЗИ деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 05:52-де Шардара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырымда және Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы 4,1 болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.

Еске сала кетейік, 22 шілдеде Алматы сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде орналасқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек