Түркістан облысында жастар ауыл имамына көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама сыйлады

Түркістан облысында жастар ауыл имамына көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама сыйлады
Фото: Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Созақ ауылында жастар мешіт имамы Сұлтанхан Рүстемовке көлік сыйлап, ұмра қажылығына жолдама берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында еңбек етіп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет еткен. Ал былтыр жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып келген.
 
Бұл ауылдың жастар бұған дейін қаржы жинап, көшелерге жарық орнатқан болатын. Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан