- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында жасөспірім...
Түркістан облысында жасөспірім қыз зорлады деген күдікке ілінді
Түркістан облысының Төлеби ауданында полицейлер "кәмелетке толмаған баланы қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасау фактісіне" қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция бұл қылмысты жасады деген күдікпен сол ауылдың тұрғыны ұсталғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Егжей-тегжейі анықталып жатыр", - деді облыстық полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары "тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін" хабарлады.
Іс облыстық полиция басшылығының бақылауында.
Сол ауылда бірнеше шөп қора мен көлік өртенген. Жергілікті тұрғындар бұл қызға жасаған қылмысы үшін кек алу деп есептеп отыр. Полиция бұл істерге қатысты әзірше түсінік бермеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан