- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мал ұрлығы
Түркістан облысында жас жігіттер ауылдасының малын ұрлаған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті жас жігіттерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмысқа қатысы бар жігіттер жергілікті жердің тұрғындары болып шықты. Олар түнгі уақытта жайылымдық жерден сиыр ұрлап, ГАЗель жүк автокөлігіне артып әкеткен.
Содан кейін таң сәріде ұрланған малды Жетісай ауданындағы базарға сатуға қойған. Алайда сата алмаған соң күдіктінің біреуі үйіне апарып жасырған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары дер кезінде күдіктінің қорасынан қолды еткен малды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес