Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Түркістан облысындағы тасжолда түнде екі көлік соқтығысып, салдарынан жеті адам қаза тапты. Полиция тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Бәйдібек ауданындағы Шаян - Екпінді тасжолында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша түнде тасжолда Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан", - деді полиция.

Жол апаты салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.

Ведомство өкілдері қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!