Түркістан облысында жол апатынан бір жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы Алматы – Ташкент – Термез автожолының 719-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
Шымкент қаласынан Сарығаш ауданына шыққан Toyota Camry автокөлігі өзімен бір бағытта келе жатқан Mersedes-Sprinter жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, Төлеби аудандық ПБ мен аудандық прокуратура басшылығы шықты. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз