Түркістан облысындағы Жетісай-Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
"ВАЗ" маркалы автомобиль "Вольво" жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға жол ережелерін қатаң сақтауды және жолда мұқият болуды ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!