Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Отырар ауданы Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тасжолында Nexia маркалы көлігі мен жүк автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, осы көліктің бір жолаушысы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалды, барлық жайт анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!