Түркістан облысында жанармай бағасының өсуіне байланысты митинг болып жатыр деген ақпарат тарады
Түркістан облысында жанармай бағасының өсуіне байланысты митинг болып жатыр деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде 12-сінен 13-сәуірге қараған түні "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының бойында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналды деген видео пайда болды.
13 сәуірде 04:30 шамасында ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан Сайрам ауданының полицейлері мәліметтердің жалған екенін анықтады.
"12.04.2023 жылы аталған автожолда көліктер жарысы ұйымдастырылмақшы болғаны, алайда тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, оларды таратып жібергені анықталды.Қазіргі уақытта аудандық ПБ қызметкерлері жалған мәліметтерді таратқан тұрғынды анықтау мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салады. Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды!", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан