Түркістан облысында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Сайрам ауданының Ақсукент ауылында болған. Полиция қызметкерлері BYD автокөлігін тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген.
Көлік тоқтатылғаннан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені анықталды. Оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған.
Сот шешімімен жүргізуші үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
О. Сансызбай