Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары аясында халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматын анықтады. Ұсталған шетелдіктің бірі үш жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы. Оны полицейлер Ордабасы ауданынан анықтады. Ол өз елінде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 38 жастағы ер азамат.

Сонымен қатар, ер адамның 2020 жылы түрмеден қашып, кейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Аталған факті бойынша оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз