- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында газ...
Түркістан облысында газ балон жарылды: бір адам қайтыс болды
Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде газ балон жарылып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы анықталып жатыр. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек көрсетті.
Оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда жеке басының деректері анықталып жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орында ТЖ департаментінің қызметкерлері, жұмыс жүргізді, құтқару техникасы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина