- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- түркістан облысы
Түркістан облысында есірткімен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды
Түркістан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
"Мәселен, тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау - 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру - 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған", - делінген хабарламада.
Полиция прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.
Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і Өзбекстан азаматы, 37-сі Тәжікстан азаматы болған.
Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полиция майоры есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин