Түркістан облысында ер адам туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қанды қылмыс Түлкібас ауданында болған.
"Бейресми ақпаратқа сүйенсек, күдіктіге церебралды сал ауруы, яғни ДЦП диагнозы қойылған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, 40 жастағы ер адам туған анасын өз үйінде пышақтап өлтірген. Бұл қадамға не түрткі болғаны әзірге белгісіз", - деп жазылған мәліметте.
Бүгінде болған жайтты облыстық Полиция департаменті растаған. Қазір қүдікті қамауға алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!