Түркістан облысында ер адам танысымен бірігіп, әйелін зорлаған

Түркістан облысы Сарыаға ауданында ер адам танысымен бірге өз әйелін зорлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ішімдікке тойып алғандар автокөлікте азаматтық некедегі жұбайын "ұстарамен өлтіреміз" деп қорқытып, күшпен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі ер адам кінәлі деп танылды. Сот олардың бірі 10 жылға, енді бірі 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Сотталушы К. 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал сотталушы И. 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеді", - деп хабарлады Түркістан облыстық соты.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!