- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында ер...
Түркістан облысында ер адам ауылдасының көлігін айдап әкетіп, өртеп жіберген
Түркістан облысында ер адам ауылдасының көлігін айдап әкетіп, өртеп жіберген. Ер адам мас болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жақында жәбірленуші ер адам полицияға жүгінген. Ол белгісіз біреу көлігін айдап әкетіп, өртеп жібергенін айтқан.
Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің ауылдасы болып шыққан. Екеуі сөзге келіспей қалған болуы керек. Күдікті ішімдікке тойып алып танысынан кек алмақ болған. Ол үшін оның үйінің ауласына кіріп, ВАЗ маркалы көлігін айдап кеткен.
Залал мөлшері 1,5 миллион болған. Күдікті ер адам ұсталды. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина