Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға сот үкімі өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші сатыдағы сот үкімімен бұған дейін оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда бұл іс қайта қаралды. Бұған болғаның оқиғаның өте ауыр екені, жәбірленуші ұзақ уақыт зардап шеккені, күдікті аса қатыгездікпен туған әкесінің денсаулығына қасақана орташа дәрежедегі жарақат салғаны, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарына хабарламауы себеп болған.
"Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертіліп, түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді", - деп жазылған соттың хабаралмасында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2025 жылы желтоқсанда іс сотқа жетті.
Кейін сот үкімі шықты. Ер адам кінәсін толық мойындап, жұрттан кешірім сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!