Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, айыпталушы С. 2020 жылдан бері 70 жастағы әкесін ұрып-соққан.
"Сот үкімімен С.-ға түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған сот мәліметінде.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы ер адамды 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
15 қаңтарда өткен сотта айыпталушы соңғы сөзін сөйледі. Ер адам кінәсін толық мойындап, жұрттан кешірім сұрады.
Бұған дейін не болды?
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2025 жылы желтоқсанда іс сотқа жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова