Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрған: келініне қатысты да іс қозғалды

Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрған: келініне қатысты да іс қозғалды
Фото: Видео кадры

Жуырда әлеуметтік желілерде Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның видеосы тарап кетті. Күдіктінің әйеліне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін не болды?

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңа дерек

Tengrinews.kz-ке берген жауабында полиция ата қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған ұрып-соғу" бойынша қозғалған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget