Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрған: жаңа мәлімет айтылды

Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрған: жаңа мәлімет айтылды
Фото: Видео кадры

Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, қинаған, балағаттаған айыпталушының ісі жарыссөзге жетті. Сотта оның әкесін қалай қорлағаны туралы видеолар көрсетілді. Ал айыпталушының әйеліне қатысты "Ұрып-соғу" бабымен қозғалған қылмыстық іс қысқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұрны мен қабырғасы сынған, денесінің тағы бірнеше жері жараланған. Қорлықпен қаза тапқан қарияның денесінен эксгумациялық тексеру осындай сұмдықтарды анықтаған. Ал Жетісай аудандық соты әкесін ұрып-соғып, қинаған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың ісін қарауды жалғастырып жатыр. Онда іске тіркелген құжаттармен бірге  қыркүйекте әлеуметтік желіде тараған видеолар қаралды.

Сотта айыпталушының екі кәмелет жасқа толмаған баласы бар екені айтылды. Ал таралған видеода анық көрінген айыпталушының әйеліне қатысты "Ұрып-соғу" бабымен қозғалған іс дәлелденбеуіне байланысты қысқарғаны мәлім болды.

"Садақбаевтың айыбы соталды тергеп тексеру кезінде тағайындалған сараптамалармен, сот медициналық, куәлермен дәлелденді. Садақбаев кінәсін толық мойындады. Эксгумация кезінде, атап айтқанда мұрын, дене жарақаттары, қабырғалары, мұрны сынғаны анықталды", - деді прокурор Нұрмахан Елшібаев. 

Тергеу амалдарына байланысты марқұмның қабірі қазылып, эксгумация жасалған. Видеоны көрші үйдің қыздары жасырын түсіргені белгілі болды.

Жәбірленуші ретінде танылған айыпталушының інісі оларды жауапқа тартуды сұрады. Сот оның талабын қараусыз қалдырды. Айта кетейік, сот тергеуі аяқталды. Судья жарыссөзді прокурордың уақыт сұрауына байланысты 14 қаңтарға қалдырды.

Бұған дейін не болған?

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget