Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрған

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Облыстық Полиция департаменті өкілі осы жайтқа пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!