Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болып табылатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан