- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында екі...
Түркістан облысында екі ауыл карантинге жабылды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды аstanatv.kz.
Шектеу шаралары Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан және Қызылата ауылында енгізілді. Бұл елдімекендерде ұсақ малдан бруцеллез анықталған.
Жұқпалы ауру көрші ауылдарға тарап кетпеуі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады. Қазір сарып анықталған малды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Көпшілік өзге төрт түлігін сыртқа шығармауы тиіс. Барлығы мал дәрігерінің бақылауында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек