- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында еден...
Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын ұрлап алған
Фото:
pixabay.com
Түркістан облысы Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істегені белгілі болды. Оқиға болған күні ол спорт залдағы қыздардың киім ауыстыру бөлмесін тазалап жүргенде сөреде тұрған Oppo A53 телефонын жымқырып кеткен.
Ұрлап алған телефонын әйел сатып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің сатып жіберген телефонын тауып, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан