Түркістан облысында дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелдердің әрекеті әшкере болды

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жеке кәсіпкер, жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне тиесілі дүкеніне бейтаныс біреулердің дүкен сөресіндегі азық-түліктерді жасырын жымқырып, байқатпай ұрлап кеткенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Күдікке ілінгендердің әккі әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 43 пен 46 жас шамасындағы тұрғын әйелдер анықталды.
 
Алдын-ала келісіп алған екеу тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен. Қазіргі таңда екі әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз