Түркістан облысында дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы қайтыс болған

Түркістан облысында дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Шардара ауданында болған. Түркістан облысының Білім басқармасы жағдайға пікір білдірді.

"Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасы бірден бақылауға алды. Алдын ала мәліметке сәйкес дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы жаттығу барысында құлап, жарақат алған. Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханасына жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды", - деді Білім басқармасы өкілі.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!