- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында дәріхана...
Түркістан облысында дәріхана қызметкері қауіпті препарат сатқан
Түркістан облысындағы Шардара қаласында дәріхана қызметкері 300-ден аса трамадол сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтаған.
"Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Бұл дерек бойынша жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.
Айта кетейік, трамадолды көп қолдану есірткілік мас болуға әкелуі мүмкін. Ал трамадолды жиі қолданудан физикалық және психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, бұл дәріні жиі қолдану психиканың және ағзадағы кейбір мүшелердің бұзылуына әкеліп соғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина