Түркістан облысында науқас дәрігерге шабуылдап, пышақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақтаған.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!