- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында бүтін...
Түркістан облысында бүтін бір отбасы өрттен аман қалды
Түркістан облысында полиция өртті дер кезінде сөндіріп, бүтін бір отбасыны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сайрам ауданындағы үйдің ауласында шыққан өртті ауыздықталды. Таңғы сағат 10:00 шамасында полицейлер жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқаған. Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері барды. Мұнда олар малға арналған екі қабатты қораның шатырында шөп өртеніп жатқанын анықтапты.
4 полиция қызметкері өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін дереу сөндіруге кіріскен. Су мен қолға түскен құралдардың көмегімен және өртсөндірушілермен бірге олар өртті тез арада сөндірді.
Осылайша, жедел және ұйымдасқан әрекеттің арқасында ауыл тұрғынының үйі өрттен аман. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді. Үй иесі шынайы алғысын білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова