- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында бұрын...
Түркістан облысында бұрын істі болған 90 мұғалім жұмыс істеген
Түркістан облысының мектептерінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалімдер сабақ берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары айтты. Арыс қаласы мен Шардара, Сауран аудандарында жұмыс істейтін 90 мұғалімнің бұрын істі болғаны анықталды.
Одан бөлек, құзырлы орган ұстаздардың дипломын да тексерген. Нәтижесінде, 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес болып шықты.
128 ұстаздың құжаты жалған болуы мүмкін. Шетелдерде оқып келген мұғалімдердің дипломын тексеру кезінде де заңбұзушылықтар тіркелген. Ал облыстық прокуратураның дерегіне сай, бір ғана Сауран ауданында 60 ұстаздың жалған дипломмен жұмыс істеп жүргені әшкере болды.
"Облыс прокуратурасымен тексеру барысында 5 колледжге қатысты жалған диплом анықталды. 5 мұғалімге қатысты. Ал жалпы 65 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда тергеп тексеру басталды. Онға жуық мұғалім жұмыстан шығарылды", - дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина