- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында бір...
Түркістан облысында бір мектептен 27 түлек "Алтын белгі" иегері атанды
Түркістан облысы Жетісай ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты өткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Осы оқу жылында мұнда 88 оқушы аяқтаған. Оның ішінде 27 түлекке – "Алтын белгі" және 14 түлекке – "Үздік аттестат" тапсырылды.
"Бұл күн - баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз, мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр. Сапарларың оң болсын, жас түлектер!", - деді мектеп-гимназия директоры Шохан Нұрбеков.
Еске салайық, бұған дейін биыл 7420 оқушы "Алтын белгі" алғанын хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан