Түркістан облысында бір жастағы сәби тауықтың сүйегін жұтып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігері Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық баланың тыныс алу жолындағы тауықтың сүйегін алып тастап, баланың өмірін сақтап қалды.
Баланың анасының айтуынша, сағат кешкі сағат 22:00 шамасында бала полиэтилен пакеттерімен ойнап отырып, тұншығып, жөтеліп, содан кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, демала алмай қалған.
Баланың ата-анасы жағдай нашарлауына байланысты Мақтарал орталық ауруханасына жүгінген, сәби ауыр халіне байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Шұғыл түрде зерттеу өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтағы тауықтың сүйегі алынды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!