Түркістан облысы Темірлан ауылында бір жасар бала жеке тұрғын үй ауласындағы әжетханаға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жеткен. Мамандар баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырған.
ТЖМ ата-аналарға балаларды аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмау керек екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!