Түркістан облысы прокуратурасы білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Оның ішінде бес іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.
Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!