- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында білім...
Түркістан облысында білім бөліміндегілер 1,8 миллиард теңгенің мүлкін заңсыз иемденіп алған
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 600 млн теңге көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде 2 аудан бойынша мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам.
2020-2023 жылдар аралығында "1С: Бухгалтерия" есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды.
Соталды тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта іс бойынша жауапкерлер 120 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина