Түркістан — Шиелі учаскесіндегі Шорнақ станциясы маңында бес жасар бала теміржолға шығып кеткен. Алматы-2 – Саратов бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызының машинисі құрамды дер кезінде тоқтатып үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолына" сілтеме жасап.
Локомотив бригадасы баланы байқап, шұғыл тежеуді қолданған кезде пойыз сағатына 70 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Қайғылы жағдайдың алды алынды. Пойыз төрт минутқа кешікті.
"Теміржол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болған", — делінген жарияланымда.
ҚТЖ ата-аналарды балаларды теміржол жолдарының маңында қараусыз қалдырмауға және оларға теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!