Түркістан облысында сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
"Оқиға 7 мамырда сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп жазылған ақпаратта.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!