Түркістан облысында баласы ұрған қарияның денесі қайта қазып алынды

Түркістан облысында баласы ұрған қарияның денесі қайта қазып алынды
Фото: Видео кадры

Түркістан облысында өз баласы ұрған ақсақалдың денесі қара жер қойнынан қайта қазып алынды. Эксгумация жасалған мәйітке мамандар сот-медициналық сараптама жүргізіп, марқұмның нақты неден көз жұмғанын анықтамақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында болған. Жантүршігерлік жағдайды көршісі жасырын телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған болатын.

Енді сот-медициналық сараптама марқұм ұлы мен келінінің қолынан өлгенін растаса, күдіктілердің жазасы ауырлауы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget