Түркістан облысында баланың қолын еттартқыш шайнап тастаған

Түркістан облысында баланың қолын еттартқыш шайнап тастаған
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Себебі бала абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте Төле би ауданы Көксәйек ауылында болған. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Көп қан жоғалтқан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Үйінде ата-анасы банка жауып жатқан кезде бала қолын еттартқышқа тығып алып, қолы төменгі білекке дейін шайналып кеткен. Жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасап, балаға көмек көрсеттік", - дейді травматолог дәрігер Ержан Шәріпов.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінен шығарылған, жағдайы орташа ауыр. Ота кезінде баланың оң қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget